Сарыағаш қаласының тұрғыны заңсыз арақ-шарап өнімдерін дайындауды кәсіп еткен. Полицейлердің сөзінше, күдікті уақытша жұмыссыз жүрген. Сосын осы заңсыз бизнеспен 2022 жылдың мамыр айынан бастап айналыса бастапты. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде оқиғаның анақ-қанығын біліп, сыбайластарын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүріп жатыр.