Түркістан облысындағы 54 білім беру ұйымының басшылары тағайындалады. Осыған орай қазір білім басқармасының жанындағы арнайы комиссияның отырысы өтуде. Онда басшылыққа үміткер 73 адам әңгімелесу сынағынан өтіп, алдағы жоспарларымен бөліседі. Сондай-ақ, тиісті заңнамаларды білу деңгейі, теориялық білімі анықталмақ. Комиссия құрамында білім саласының ардагерлері, білім басқармасының өкілдері мен қоғам белсенділері бар. Отырыс толықтай әлеуметтік желінің тікелей эфирінде көрсетіледі. Бұл - тағайындау рәсімі әділ де шынайы болуы үшін қолға алынған бастама.