Еліміздің бірнеше аймағында аяз күшейді. Қар жауып, кей өңірлерде желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетіп тұр. Ал, түркістандық полицейлер жүргізушілерді өте мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға шақырады. Ал облыстағы жол күтімін жақсарту үшін 150 арнайы техника мен 500-ге жуық маман жұмылдырылған. Сондай-ақ инертті материалдардың қоры да жасақталды. Он бір мың куб құм, мың төрт жүз тонна тұз әзірленіп, аудан, қала қоймаларында тұр.