Түркістан облысының 50-ге жуық еңбек ардагері Өзбекстан еліне саяхаттап келді. Басты мақсат - екі ел арасындағы достық пен татулықты нығайтып, көрші мемлекеттің ақсақалдарымен тығыз қарым-қатынас орнату. Сапар аясында түрлі салада еңбек еткен зейнеткерлер өзбек жеріндегі тарихи-мәдени орындармен танысып, бабалар басына зиярат етті.