Түркістан облысының аудан әкімдері мен кәсіпкерлерінің Қытайға іссапарынан кейін өңірде бірнеше зауыт - фабрика ашу қолға алынды. Ынтымақтастық, экономикалық, сауда және ауыл шаруашылығын арттыру бойынша бірқатар меморандумға қол қойылды. Облысқа инвесторлар тарту бойынша аудан әкімдері аймақ басшысы Дархан Сатыбалдыға есеп берді.