Түркістан облысының әкімі Қазығұрт ауданының тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады. Ашық пікір алмасу өтіп, қордаланған мәселелер ортаға салынды. Қабылдауға жазылған Ащыбұлақ ауылының тұрғыны жеке кәсіпкерлігіне мемлекеттік грант қарастыруды сұрап, көп балалы аналарға жәрдем көрсету туралы ұсынысын жеткізді. Ал Рабат ауылының тұрғыны ауылдық округтерге ауыз судың үздіксіз берілмеуіне наразы. Айнатас ауылының азаматы спорт кешенін салуды сұрай келе, білім саласындағы заңсыздықтар да ортаға салынды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қабылдау барысында тұрғындардың сұрағына заң аясында тұщымды жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мамандар мен сала басшыларына ертерек шешімін табуды тапсырды.