Түркістан облысының әкімі Дархан Cатыбалды Кентау қаласындағы жылу энергия орталығында болып, жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігерлермен, орталық басшысымен пікір алмасты. Ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма мен қала әкіміне жылыту маусымына дайындықты пысықтауды тапсырды. Бүгінде Кентаудағы жылу орталығында күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қаладағы тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелерін және 4 кері сорғы станциясын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Биыл 2 қазандықты жылыту маусымына дейін, 2 қазандықты жыл соңына дейін қайта құру және 4 қазандықты жөндеуден өткізу жоспарланған. Сонымен қатар келешекте жылу энергия орталығын газға ауыстыру көзделген.