ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары аймақтарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізуде. Түркістан облысының әкімі өңірге арнайы келген халық қалаулыларымен кездесіп, пікір алмасты. Атап айтқанда, өңір басшысы Қайрат Балабиев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиев, Қазыбек Иса және Нұрлан Әуесбаев сынды депутаттармен кездесіп, облысты дамыту мәселелерін талқылады. Мәжілісмендер тұрғындарды қабылдау нәтижесі туралы ой қозғап, олар көтерген ағын су, баспанамен қамту, «Жайлы мектеп» жобасы, жайылым, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым тарту, көші-қон жұмыстары бойынша мәселелерге, өтініштерге тоқталды. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды облысты дамыту бағытында қолға алынған жобалар мен жоспарларды баяндады.