Түркістан облысында мақта шығаратын 70 мыңға жуық фермер жұмыс істейді. Биыл 300 мың тоннаға жуық ақ ұлпа жиналады деп жоспарлануда. Жалпы, облыста жаппай егін жинау науқаны басталды. Дегенмен, өңірде экспортқа мақта жеткізудің логистикалық тізбегі бұзылған. Сапа төмендігінен шетелдік трейдерлер тарапынан шикізатқа сұраныс азайған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданындағы мақта алқаптары болып, осы мәселелерді талқылады. Кездесуде өңірде мақта кластерін дамыту үшін Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында тоқыма тігін фабрикаларын ашу керектігі айтылды. Осыған орай арнайы мақта-тоқыма кластерін салу жобасы әзірленді. Нәтижесінде, өңірде 75 зауыт, кәсіпорын және фабрика салу есебінен 9 мақта тоқыма кластері құрылатын болады.