Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды іс-сапармен Отырар ауданында болды. Әуелі ауданға қарасты Қарғалы ауылына барып, көгілдір отын қосу салтанатына қатысып, көпшіліктің қуанышымен бөлісті. Одан соң жылына 20 тонна балық өндіруге қауқарлы шаруашылықтың жұмысымен танысты. Сапар соңында отырарлық тұрғындармен жүздесіп, қабылдау өткізді.