Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының тұрғындарын жеке қабылдады. Бұл үрдіс өңір басшысының аудан, қалалардағы жұмыс сапары аясында қалыптасқан. Қабылдауға келген жұрттың басым бөлігі жеке басының уәжін жеткізді. Сондай-ақ әлеуметтік, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын ортаға салды. Толығырақ Өркен Мырзабек тарқатады.