Түркістан облысының балалары мемлекеттен 93 млн доллар алған. 18 жасқа толмаған балалардың ең көбі Түркістан облысында. Оларға "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 1 ақпаннан бастап әр балаға 100 доллар 52 цент көлемінде ақша түсе бастаған болатын. Жалпы еліміз бойынша, қордан аударылған қаржыны пайдалануға 30-дан аса жас өтініш білдіріпті. Олар бұл ақшаны білім немесе тұрғын үйге жұмсай алады. Жыл соңына дейін барлығы 300 мың жас ілкімді істің игілігін көреді деп күтіліп отыр.