Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған, құрамында «Түркістан» ИТЭДАА» ЖШС, Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары және Кентау қаласының әкімдері, өңірдің бизнес өкілдерінен құралған делегациясы ҚХР-дағы өндірістік іссапарларын Линцинь қаласындағы ірі кәсіпорындарды аралаудан бастады. Екінші күні делегация бұрғылау машиналарына және магнитті крандарға қажетті жабдықтар шығарумен айналысатын Қытайдағы ең ірі кәсіпорынның біріне барып, оның көпжылдық тәжірибиесі негізінде өндірісті Түркістан облысында бірлесіп дамыту жолдарын талқылады. Сонымен қатар аталған компания өкілдеріне Түркістан облысының шикізаттық әлеуеті таныстырылып, аталған өндірісті Түркістан облысында бірлесіп кәсіпорын ашу арқылы дамыту ұсынылды. Кәсіпорын ашылған жағдайда, Қазақстанның ТМД елдерімен және Евразия экономикалық одағына мүшелігін пайдаланып, өнімді экспортқа кеңінен шығару мүмкіндігі айтылды. Нәтижесінде, кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта осы мәселе бойынша Түркістан облысына арнайы іссапар ұйымдастыруды жоспарлауда.