Түркістан облысындағы жылыжайлардан бір жылда 140 мың тонна өнім жиналды. Бұл маусымаралық кезеңде республика халқы қажеттілігінің 42 пайызын қамтамасыз етеді. Бүгінде өңірде 801 фермерлік жылыжай сертификатталған. Шаруашылықты жылыту маусымында субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді. Бағдарлама арқылы электр энергиясы, көмір және газ шығындарының 20 пайызы қаржыландырылады. Тиісінше, өндірістік 8,1 млн және фермерлік жылыжайларға 4,8 млн теңге бөлінеді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 565 млн теңге қаржы төленді. Ал биылға 1,4 млрд теңге қаралып отыр. Бүгінде 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда.