Түркістан облысының 100-ге жуық педагогы Жапон еліне тәжірибе алмасуға барады. Бұл туралы Облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан Нұрмаханбетұлы өңірлік коммуникация қызметінде мәлімдеді. Токиоға бірінші легпен 15 ұстаз барып келді. Игі бастама білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу үшін қолға алынды. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес келеді. Шетелге барған ұстаздар қазіргі жапон білім беру жүйесінің қалыптасу тарихымен танысып және зерттеу топтарының жұмысына қатысқан.