Түркістан: Төлебиде агросаланы дамытуда инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сапар аясында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлымен бірге ауылшаруашылығы саласындағы шаруалардың жай-күйімен танысып, жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Ең бірінші Кемеқалған ауылдық округі «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативінде болып, 140 га жерге егілген қарқынды алма бауына көңіл бөліп, отырғызылған көшеттер жергілікті ауа райына тез бейімделіп, жылдам тамыр жайғандығының куәсі болды. Кәсіпкер Әсет Қайыпбековпен әңгімелесіп, оның алма өнімдерінен табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуды жоспарлағанын, қазіргі кезде жемістерді сақтайтын қойма салу ісіне кіріскенін біліп, қойма құрылысымен танысты. Ермек Кенжеханұлы аудан аумағына тартылған ірі инвестициялық жобалардың бірі - Зертас ауылдық округіндегі «АйМар құс» ЖШС-нің құс фермасының құрылысымен танысты. Жоба іске асқан жағдайда 72 млн. дана жұмыртқа шығарылып, жергілікті 75 адамды тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Алғашқыда 220 мың баспен бастап, ары қарай 660 мың басқа көбейтуді көздеген инвестициялық жоба аудандағы құс шаруашылығын ілгерілетуге септігін тигізбек. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Көксәйек ауылдық округі «ADS Agro» ЖШС мал бордақылау алаңымен танысты. Ондағы асыл тұқымды жылқы еттері қазіргі таңда еліміздегі ірі компанияларға жеткізіліп, сатылып жатыр. Алдағы уақытта шетелге экспортқа шығарылмақ. Ермек Кенжеханұлы аудандағы іссапар аясында жергілікті халықпен жүздесіп, “Ауыл аманаты” жобасын іске асыру бойынша халықтың талап-арызын тыңдап, 2,5 пайыздық несие алу арқылы ісін ілгерілеткісі келетін шаруаларға бағдарламаның артықшылығы мен мүмкіншілігін таныстырды.

Читать источник turkistan.tv
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Терроризмді насихаттағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Жетісу облысында жол жабылды
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру
Бүгін түнде әлемде қандай оқиғалар орын алды
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
WhatsApp кейбір ескі смартфондарда жұмыс істемейді.
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр  
Жылдың үздік спортшысы мен жаттықтырушысы анықталды
Тұман түсіп, батыста көктайғақ болады
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Алматыда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды
«Сөзім үшін өкінбеймін»: Еділ Жаңбыршин Питер Фостерге айтқан ескертуін сынағандарға жауап берді
Астанада полицей қыздың мәйіті табылды
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Мәжіліс жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады
Бірыңғай уақыттың адамға әсерін зерттеу құны 54 миллионға қысқартылды
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға қандай көмек көрсетілді?
Биыл су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетілді?
Су тасқыны: 36,4 мың отбасы әлеуметтік көмек алды
Елімізде доллар мен еуро арзандады
Су тасқыны кезінде республика бойынша 120 мыңнан астам азамат құтқарылды
Сотталып кеткен Мейіржан Төребаев түрмеде ескерту алған