Түркістан облыс орталығы болғалы халық саны 165,4 мыңнан 220 мыңға өсіп, аумағы 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайған. Құрылыс саласында да ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. 2020 жылдан бері әкімшілік-іскерлік орталықта 89 көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс аяқталып, 5649 пәтер тұрғындарға табысталды. Ал, биыл 3 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілмек. Шаһар халқының өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Облыс орталығының 98 пайызы көгілдір отынмен қамтылған.