Жаңа жұмыс орындарын көбейту-басты міндет. Ол үшін Түркістан облысында 30-ға жуық инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды кәсіпкерлермен кездесіп, жаңа жұмыс орындарының жәй күйін талқылады. Олардың арасында Өзбекстандық «Global Textile» компаниясының кластерін дамыту, Сарыағаш ауданындағы «Бес қара» мал бордақылау алаңы мен мал сою бекетінің құрылысы, Созақ ауданындағы 250 адамды жұмыспен қамтитын күкірт қышқыл өндіру зауытының құрылысы талқыланды. Облыс әкімі кәсіпкерлерге қажетті көмек көрсетілетінін жеткізіп, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.