Түркістан облысында әлеуметтік осал топ санатындағы 32 мыңнан аса оқушыға мектепке дайындалу үшін материалдық көмек беріледі. Ол үшін жергілікті бюджет есебінен 1,3 млрд теңге қаржы қаралды. Биыл әр білім алушыға киім мен оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері– 40 567 теңге. Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттарына жіберіледі. Оқушыларды қолжетімді бағадағы мектеп киімдерімен қамтамасыз ету үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылады. Одан бөлек әлеуметтік осал топ санатындағы 10 мың баланы демеушілер тарапынан мектепке даярлау жоспарлануда.