"Бар тапқан табысымыз жылу ақысына кетіп жатыр". Қақаған қыста қолдарына түбіртек келген бір топ түркістандық осылай наразылық білдірді. Себебі жылу мекемесіне қарайтын 68 үй есептегіш құрылғыға қосылмаған. Сондықтан ай сайынғы төлем пәтердің шаршы метріне есептеледі. Ал, бұл қараша халықтың қалтасына салмақ салып отыр.