Түркістанда әйелдер арасында Ұлттық Лиганың 4-і туры өтіп жатыр. 31-і рет жалауын көтерген бұл бәсекеде түркістандық волейболшы қыздар тұңғыш рет қатысып, бақ сынауда. «Тұран» командасы сенбі, жексенбі күндері өткен алғашқы екі кездесуінде де қарсыластарын 3-0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Бірінші кездесуде Тұран бұрымдылары Ару Астанадан басым түссе, екінші матчта Талдықорғандық Айқаракөзді тізе бүктірді. Осылайша, Сабыржан Бұлдырықов шәкірттері плей-офф кезеңіне шығуға жақсы мүмкіндік алып отыр. Келесі кездесуін жерлестеріміз 1-наурыз азулы Қуаныш СК командасына қарсы өткізеді.