Бірінші маусым балаларды қорғау күніне орай жер-жерде түрлі іс шаралар өтті. Мерекені тойлаудан түркістандық балаларда қалыс қалмады. Қаладағы ойын сауық орындарында түрлі концерт ұйымдастырылды. Балаларды құттықтауға Түркістан облысы әкімінің өзі келіп, оқу маусымында түрлі сайысқа барып, өңірдің абыройын асқақтатқан бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтар табыс етті.