Түркістан облысында уран өңдейтін зауыт құрылысы басталды. «Оңтүстік Төртқұдық» деп аталатын жаңа зауыттың инвестициялық құны 180 млн доллар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында осы сынды 9 жобаның жай-күйі талқыланды. Әрбір инвестордың есебі, жұмыс барысы, жоспары және мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, шешу жолдары ұсынылды.