Түркістанда былтыр триллион теңгенің өнімі өндірілген. Аймақта негізгі каптиталға тартылған инвестиция көлемі де 2023 жылдың қорытындысы бойынша 972 млрд теңгені құрап, триллионға жуықтады. Бұл көрсеткіштер аймақта өндірістің дамып, өнеркәсіптің өрге жүзіп бара жатқанын айғақтайды. Әрі өңірде былтыр өңдеу өнеркәсібінде 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған.