Жарқыраған шамдар, жасыл шырша мен ғажайып ертегі кейіпкерлері. Мұның бәрі түркістандық балаларға шынайы қуаныш сыйлады. Жаңа жылдың келуін ерекше күткен өңірдің кішкентай тұрғындарына жылдағы дәстүрден танбай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер сыйлыққа кенеліп, аниматорлар олардың көңілін барынша аулады. Өңір балаларына арналған Президент шыршасы туралы толығырақ келесі сюжетте.