Түркістанда алғаш рет I-ші Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтпек. Басты мақсаты – ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің өнімдері мен қызметтерімен таныстыру және сату. Көрме үш күнге жалғасады. Жәрмеңкеде түрлі концерттік бағдарламалар, қазақтың ұлттық ойындары ойналып, ірі қара мал арасында «бұқалар жекпе-жегі» байқауы сынды іс-шаралар болмақ. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия сынды 100-ге жуық отандық және шетелдік қатысушылардың басын біріктірген шараны 3 мыңға жуық адам тамашалайды деп жоспарлануда.