Түркістанда жеңілдетілген несие алғысы келетін 23 адамның бизнес жоспары мақұлданды. Өз бизнесін тыңнан бастайтындар енді 5 миллионға дейін шағын несие ала алады. Қаржыландыруды жүргізетін «Аграрлық несие корпорациясы». Қазір біртіндеп өтініш білдерген жастардың жобалары қолдау тауып жатыр. Мамандардың айтуынша, 256 жас кеңес алуға келген болса, 130 тұрғын арнайы өтінім қалдырған. Бизнеске бет бұрған жастардың ұсынған жобаларының дені қызмет көрсету, тағам өндірісі, мал шарушылығы мен сауда-саттыққа қатысты. Арасында инновациялық идеясын іске асырғысы келетіндер де кездеседі.