Түркістанда ұстаздар күні атап өтілді. Саналы ғұмырын осы салаға арнаған педогогтарға құрмет көрсетіліп, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ұстаздарға арнайы алғыс хаттарын табыстады. Содан соң оқушылар сарайының білім алушылары өз кезегінде мерекелік концерт ұсынды. Айта кетейік, жалпы облыс орталығында 67 мектеп бар. Ондағы 52 720 оқушыға 5170 ұстаз білім береді. Биылғы оқу жылын түркістандық 4615 оқушы 1-сыныппен бастаса, 11-сыныпты 2631 түлек тәмамдағалы тұр.