Елімізде 33 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылған болса, оның 3 мыңнан астамы Түркістан облысына тиесілі. Көліктерді заңдастыру бойынша Түркістан облысы тұрғындарынан 8100-ден астам өтініш түскен. Бірі көлігін бірден заңдастырып жатса, мәселесі шешілмей сергелдеңге түсіп жатқандар да жоқ емес. Тіркеу барысында қандай кедергілер туындап жатыр? Тілші анықтап көрді.