Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында көкөністерді сақтаудың заманауи кешені құрылмақ. Ондағы мақсат көкөніс бағасының қолжетімділігін арттыру. Нәтижесінде, Шаға ауыл округінен арнайы жер телімі бөлінді. 1 гектар жерде орналасқан қоймада маусымына 4000 тонна көкөніс сақталады. Нысан құрылысы осы жылдың 2-тоқсанында аяқталмақ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Бұдан өзге, өңір басшысы аудан аумағына қарасты Бершінтөбе ауылында салынып жатқан өндірістік парктың жұмысымен танысты. Нысанның жалпы ауданы 30 гектар. Мұнда 42 өндірістік ғимарат орналаспақ.