Түркістан облысында жыл басынан бері 2551 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда 2,3 %-ға төмен. Бұл туралы департамент бастығы Мұрат Қабденовтің қатысуымен өткен жедел кеңесте айтылды. Одан бөлек биыл өңірдегі тәртіп сақшыларының атқарған жұмыс нәтижелері қаралып, нақты тапсырмалар берілді.