Еліміздің біршама өңірінде қызылша ауруы әлі де өршіп тұр. Олардың қатарында Түркістан облысы да бар. Былтырдың өзінде осы диагнозбен 3647 күдікті тіркеліп, оның 64 пайызы анықталды. Дәлелденген 2335 жағдайдың 2 мыңнан астамы 18 жасқа дейінгі балалар. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев штаб отырысын өткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырма берді. Індеттің алдын алу үшін, жаппай вакцинациялау өтуге шақырды.