Биыл Түркістан облыстық клиникасына – 155 жыл. Бір жарым ғасырлық тарихы бар аурухана алғашында әскери бөлім жанындағы шағын емхана болып ашылған. Бұл мерейтойға орай облыс орталығында халықаралық ғылыми конференция басталды. Шет елдік және отандық медицина мамандары бас қосқан жиында шеберлік сағаттары да өткізілмек.