Түркістанда мектеп оқушыларының қауіпсіздігі басты назарда. Ол үшін қауіпсіз мектеп жобасы аясында жұмыстар атқарылуда. Мәселен, өңірдегі білім ошақтарына 12 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 600-ге жуығы полиция департаментінің бақылауында. Ал бала саны 700-ден жоғары білім ошақтарына турникет жүйесі орнатылған. Аталған жүйенің ерекшелігі баланың қай уақытта келіп, кеткенін көруге болады. Сондай ақ, мектеп қабырғасына бөгде адам кіре алмайды.