Бүгін Түркістанда облыстық мектеп директорлары дебатының ақтық сыны өтті. Білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талдап, шешу жолдарын қарастыруды мақсат еткен турнирге 6 мектеп басшысы қатысты. Онда бүгінгі таңдағы бастауыш білім сатысында балалардың үш тілді бірдей меңгеруі мәселесі көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Айта кету керек, финалдың ерекшелігі әдеттегідей американдық немесе британдық форматта өткен жоқ. Өзіміздің төл тарихымызға негізделіп, билер форматында болды.