Түркістандағы "Өнерлі өлке"облыстық фестивалі жалғасуда. Шара аясында Сайрам ауданы гала концерт ұйымдастырды. Керуен сарай туристік кешенінде өткен бағдарлама 1,5 сағатқа созылған. Енді алдағы сенбі, жексенбі күндері Төлеби ауданы өз өнерлерін халыққа паш етеді.