«Орман қорындағы өрт шығуы мүмкін учаскелерде күзет бекеттері белгіленіп, кезекшіліктер ұйымдастырылсын». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға осылай деп тапсырма берді. Одан бөлек, Дархан Амангелдіұлы табиғи парктер, қорықтар мен төтенше жағдай департаментінің техникалық қамтылуын пысықтап, қажетті көліктер бойынша бюджетке ұсыныс беру керектігін айтты. Әрі облыс аумағында өртке қарсы минералды жолақтарды жырту жұмыстарын 10 күн ішінде толық аяқтауды тапсырды.