Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Одан бөлек, облыс басшысы жергілікті кәсіпкелермен жиі кездесіп, ашық диалог орнатып тұрады. Осы орайда, Дархан Сатыбалды Түркістандағы орта және шағын бизнесті дамытып жатқан өндіріс орындарында болып, кәсіпкерлермен пікірлесті. Олардың жұмыс барысымен танысып, кәсіпке кедергі келтіретін факторларды талқылады. Өз кезегінде іскер азаматтар соңғы уақытта қазақы нақыштағы ұлттық қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келе жатқанын айтты. Сондықтан да олар алдағы уақытта осы салаға ден қоймақ. Осыдан кейін аймақ басшысы ерекше іс бастап, әріге бармай-ақ өз ауласында кәсібін дөңгелетіп отырған түркістандықтармен кездесті.