Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысындағы білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті. Жиында мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру мақсатында ғылым мен білімге, тәрбиеге үлкен мән беріліп отырғанын айтты. Сондай ақ, биылғы оқу жылындағы ерекшелікке тоқталды. Осы жылы Үкімет тапсырмасына сәйкес республикада 943 мақсатты мектеп бағдарламасы қабылданған. Ал оның 162-сі Түркістан облысына тиесілі. Басқосу барысында, Мәлік Отарбаев педогогтармен салаға қатысты түрлі тақырыптарды талқылап, өзара пікір алмасты.