Түркістандық балаларға жағымды жаңалық. «TURAN» футбол академиясы өз академиясын ашпақ. 20 гектар аумақта орналасқан нысанда 300 орындық жатақхана, оңалту залы, футбол алаңдары, спортшыларға арналған сауықтыру және медициналық бар. Мұнда Еуропаның үздік клубтарындағыдай жағдай жасалады. Құрылыс жұмыстарын аралаған облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл өңір үшін маңызды жоба екенін атап өтті. Сондықтан Академияда дарынды футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін үздік тәжірибелерді енгізуге, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыруға мән беріледі.