Қолқаны қабатын сасық иістен қашан құтыламыз? Түркістандағы Шавгар және Отырар мөлтек ауданы тұрғындары әкім мен кездесуде осылай деп мәселе көтерген болатын. Өйткені, қос мөлтек ауданда 400 дей үй бар. Ал, орталықтағы кәріз айдау жүйесі дәл осы көшелердің қақ ортасынан өткен. Апат болған жағдайда бір минутта демалудың өзі мүмкін емес дейді ашынған тұрғындар. Ол аздай мұнда 21-ші кәріз суын айдау станциясы орналасқан. Күлімсі иістің бар екенін әкімдіктегілерде мойындап отыр. Оларды қайта қалпына келтіру жұмыстары мердігер компания қаражатынан жүріпті. Жыл соңына дейін бұл мәселені толық шешеміз дейді әкімдік өкілдері.