Биыл Түркия Республикасының құрылғанына – 100 жыл. 1923 жылы 29 қазанда Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен түрік жұрты өзін Мемлекет ретінде жариялаған болатын. Батыс Азиядағы бауырлас ел қазір әлемдегі іргесі берік, экономикасы мығым республика. Түркияның ғасыр тойы Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде де кең көлемде тойланды.