Түркістан облысында үздік ақпараттық-түсіндіру топтары марапатталды. Шараны өңірлік дін істері басқармасы ұйымдастырған. Марапаттау рәсімінде 25-ке жуық дін саласының үздік мамандары анықталды. Оларға дін мен дәстүрді қатар алып жүргені үшін, алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Айта кетейік марапаттау рәсімі жыл бойына облыста дінді дұрыс түсіндіріп, өзге ағымдарға ермеуінің алдын алған мамандар үшін ұйымдастырылған.