Биыл облыста есірткі контрабандасының 38 дерегі анықталған. Олардың басым бөлігі Өзбекстаннан елімізге тиым салынған затты алып кірмек болған. Заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында полицейлер "Қазпошта" қауіпсіздік қызметкерлерімен бірге есірткі заттарын заңсыз тасымалдау мен жеткізудің алдын алу бойынша тексеру жүргізді. Осылайша тәртіп сақшылары "Вермонд" атты қызметтік иттің көмегімен жүк көліктерін, сондай-ақ жеткізілетін пошта мен сәлемдемелерде тыйым салынған заттарды тасымалдау әрекеттерінің алдын алды.