Облыстық маңызы бар музей мен кітапхана, мәдениет және халық шығармашылығы орталығы. «Рухани Қазына – 2023» республикалық фестивалі аясында осы мекемелер топ жарып шықты. Оларға марапатымен қоса 1 миллион теңгеден сыйақы берілді. Бұл үш бірдей марапат Түркістан облысының нағыз мәдениеттің ошағы екеніне тағы бір дәлел. Бүгін үздік сала мамандарына Облыс орталығында арнайы мерекелік кеш өтті.