450 млн. шетелдік Түркістан облысының көрікті жерлерін тамашалайды. Түркістан облысы шет елдік BBC world news телеарнасына жарнама үшін 63,4 млн теңге төлейді. Есесіне, Еуропа, таяу шығыс пен орта Азия елдерінде өңірдің тартымды орындары көгілдір экранда көрсетілмек. Жарнамалық бейнероликтер 2 апта ішінде 50 рет халық назарына ұсынылады. Сондай-ақ, BBC сайтында бір ай ішінде жарнамалық баннер кемі 300 мың рет көрсетіледі. Мамандар «Осылайша әлемнің 450 млн-ға жуық тұрғыны Түркістан облысының жарнамалық бейнелерін көре алады»,- деп отыр. Айта кетсек Түркістан облысының туризм басқармасы бұл қызметті «Open Turkistan» туристтік ақпарттық орталығы арқылы алып отыр.