Түркістандық 30 оқушы жаңа оқу жылына дайын. Бүгін пробация есебінде тұрған азаматтардың балаларына мектеп формасы мен кеңсе тауарлары табысталды. Игі іс алғаш рет қалалық пробация қызметінің тарапынан ұйымдастырылып отыр. Оған демеушілер мен зиялы қауым өкілдері ат салысқан. Материалдық көмекпен қатар, балалар сауда орталығында көңіл көтеріп, кинотеатрда тегін мултьфильм тамашалауға мүмкіндік алды.