Елордада өтіп жатқан еркін күрестен Азия біріншілігінде түркістандық Нилуфар Раимова қола жүлде иемденді. 57 келі салмақта сынға түскен ару 3-орын үшін таласта қырғызстандық балуаннан 7:0 есебімен басым түскен. Ел абыройын құрлық чемпионатында арттырған жерлесіміз Қазақстан Республикасының 9 дүркін жеңімпазы. Ол 2024 жылы Парижде өтетін Олипиада ойындарында топ жаруға ниетті.