Түркістан қаласында Ұлттық мектеп лига жарыстарының 9-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Тартысты өрбіген жарыста Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім ұяларынан құралған 8 команда бақ сынап, 3 команда республикалық кезеңге жолдама алды. Аталған дүбірлі жарыс Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты “Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының” ұйымдастыруымен өтті. Жүлдегер командаларға арнайы кубок, диплом және медальдар табыс етілді. Қорытынды бойынша футболдан ұлдар арасында Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің командасы чемпион атанды. Баскетбол және волейболдан қыздар арасындағы сайыста Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының құрамасы І орынға қол жеткізді. Сондай-ақ тоғызқұмалақтан М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебі, гандболдан қыздар арасында Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицейі, футзалдан қыздар арасында С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің командалары ІІІ орынды місе тұтты. Гандболдан ұлдар арасындағы жарыста Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің оқушылары ІІ орынды иеленді.