Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының өрт сендіру-құтқару спорты бойынша X әйелдер арасындағы қысқы чемпионаты өтті. Дүбірлі додада түркістандық өрт сөндіруші қыз «Алтын бұранды» номинациясының иегері атанды. Айдана Тұрсын шабуыл сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының екінші қабатына көтерілу кезеңі бойынша бірінші орынды иеленді. Айта кетейік, бұған дейін түркістандық ару аталған спорт түрінен әлем чемпионы атанған болатын. Жалпы есепте Түркістан облысы әйелдер құрама командасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды.